Ақтөбе қаласында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында дәстүрлі «Жастар» балы өтті. Салтанатты шараға мекеме басшылары, музыкант, скрипкашы Марат Бисенғалиев, қазақ эстрадасының жұлдыздары, тележүргізушілер мен студент жастар қатысты.
Шара барысында тұңғыш рет облыс әкімінің 100 мың теңгелік «Жас Ақтөбе» облыстық жастар сыйлығымен ақтөбелік 25 жас марапатталды. «Жас Ақтөбе» облыстық жастар сыйлығы биыл ғана тағайындалды. Сонымен қатар, аймақ басшысы мүмкіндігі шектеулі дарынды 10 жасты 100 мың теңгелік сертификаттармен марапаттады. Шараның жыл сайынғы ұйымдастырушыларының бірі – М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті әкімшілігі тарапынан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жалпы сомасы 4 миллион теңге қаражат табысталды.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты мен айқын бағытын бағдар еткен біздің жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елге жетуде қоғамның қозғаушы күші, егемен елдің болашағын қалыптастыратын еркін ой иелері – жастарға патриоттық тәрбие беру. Қай мемлекеттің де болашағы – жастар. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Мемлекет басшысының бастауымен жастарға зор қолдау көрсетіліп келеді. Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстан дүние жүзіне белгілі болды. Еліміздегі барлық мемлекеттік бағдарламалар Ақтөбе өңірінде де жүзеге асуда. Қазіргі таңда 30-ға жуық үкіметтік емес ұйымдардың ұсынысымен 100-ге тарта саяси-әлеуметтік жобалар іске қосылды. Әсіресе, жас мамандарға тұрғын үй беру, жұмыспен қамту сынды басқа да әлеуметтік көмектермен қолдауға тырысамыз, – деді облыс әкімі Б.Сапарбаев.
Ол 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай алғаш рет Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін республикалық жастар форумының делегаттарына сәттілік тіледі. Шараның соңы өнер жұлдыздарының әсем әні мен жастардың би кешіне жалғасты.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
АҚТӨБЕ

Айсәуле Қанаханың жұмбақ өлімі: Қылмыстық іс аясында дропперлерден жауап алынды
Қылмыс • Бүгін, 12:13
Елімізде 30 теміржол вокзалы жаңартылды
Логистика • Бүгін, 12:02
Жолаушы Каспий теңізінің үстінде ұшақтың есігін ашпақ болған
Әлем • Бүгін, 11:48
Петропавлда имамның ақшасын ұрлаған бойжеткенге сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 11:45
Түркістанда автокортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:37
Тұрғын үй маңына көлік қоюға тыйым салынады деген ақпарат жалған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 11:11
Жүргізушісіз такси: Алматы мен Астанада жаңа көлік қызметі енгізіледі
Технология • Бүгін, 11:07
Көші-қон заңнамасын бұзған 1 000-нан астам адам елден шығарылды
Заң • Бүгін, 10:55
«Елімай» – «Ордабасы» ойынына төрелік еткен Арман Есмұратов қамауға алынды
Футбол • Бүгін, 10:43
«Әділет» партиясының атынан жалған аккаунт пен парақшалар ашылған
Саясат • Бүгін, 10:40
Қазақстанда 1990 жылдары жасалған ауыр қылмыстардың беті ашылды
Оқиға • Бүгін, 10:22
Әлем чемпионаты: Иран мен Жаңа Зеландия тең түсті
Футбол • Бүгін, 10:05
Шымкент тұрғыны анасынан қалған мұраны қайтару үшін бауырларымен соттасты
Аймақтар • Бүгін, 10:04
Ливанда Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны артты
Әлем • Бүгін, 09:19
Спорт • Бүгін, 09:00