29 Қараша, 2016

Инженерлік академия үндеу қабылдады

152 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жалпы жиналысының салтанатты сессиясы өтіп, оған қатысушылар үндеу қабылдады. Үндеуде Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Ұлт­тық инженер­лік ака­де­мияс­ы жалпы жи­налысының сал­танатты сессиясына қатысу­шы­лар, халықаралық және ұлт­тық ғылыми-инженерлік қауым­дас­тықтардың басшылары, жетекші ға­лымдар мен мамандар әлемнің да­мы­ған 30 елінің қатарына кіруді мақсат ет­кен еліміздің индустриялық-инно­ва­циялық дамуының Мемлекеттік бағ­дарламасын, «Қазақстан-2050» Стра­те­гиясын жүзеге асыру жо­лын­дағы Қазақ­стан­ның орасан зор же­тіс­тіктері мен ауқымды жоспарлары өздерін шын қуан­т­атынын атап көр­сетеді. Осы орайда «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі за­манғы мемлекет» Ұлт жоспары әлем­дік экономика мен қаржы жүйе­сін­дегі бүкіләлемдік жағдайға сай елі­міз­дің өндіріс пен инновацияны дамытуға үлкен мүмкіндік беретіні көлденең тартылады. «Біз осы жоспарларды жү­зеге а­сы­ру­ға бар күш-жігері­міз­­ді жұ­м­саймыз. Осы ретте, Елбасы­ның білім, ғылым, технология, ин­­же­нерлік іс пен инновацияның дамуын тұ­рақты қолдап, көңіл бөлгені үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлем­дік деңгейдегі мемлекет және сая­си қайраткер ретінде жаңа Қазақ­с­тан мемлекеттілігінің негізгі ав­то­ры және рухтандырушысы бо­лып та­­бы­лады. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішін­де Н.Ә.Назарбаев барлық қа­зақ­стандықтардың бір­ауызды қолдауына сүйене отырып, елі­міздің бүкіл әлем алдында беделін кө­терді. Әлемдік қоғамдастық Қазақ­стан­ның Еуропадағы қауіп­сіз­дік және ынтымақтастық ұйымы мен Ислам ын­тымақтастығы ұйымы­на төра­ға­лық етуінің жоғары деңгейіне куә болып, біздің ел Пре­зи­дентінің ядролық сы­нақ­тарды тоқ­тату, әлемнің көптеген аймақ­та­­рындағы қақтығыстарды реттеу жө­нін­дегі жаһандық бас­тамаларын қызу қолдады», делінген үндеуде. Салтанатты сессияға қа­ты­су­­шы­лар, сон­дай-ақ, елі­міз­­дің бар­­лық аза­маттарын ха­л­қы­­мыз­­дың тарихи тағ­дыры мен мүд­де­­­сінің ортақтығын көр­се­те­тін жә­не бір мақс­ат, бір мүд­де мен Қа­зақстанның бір бо­ла­ша­ғы­на бі­рік­тіретін «Мәңгілік Ел» құн­д­ы­лық­тарын бұлжытпай сақ­тау­ға, қа­зақстандықтардың бүгінгі жә­не болашақ ұрпақтарының не­гізгі бай­лы­ғы – Тәуелсіздік жетіс­тік­терін кө­бейтуге шақырады. Соңында барлық қазақ­стан­дық­тар­ды Қазақстан Республикасы Тəу­елсіз­ді­гі­нің 25 жылдығы Дек­ла­ра­циясының қа­былд­а­нуымен құт­тықтайды. «Егемен-ақпарат»