29 Қараша, 2016

Агроөнеркәсіп кешенінің сарапшылық кеңесі құрылады

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов отандық ауылшаруашылық тауарларын сыртқы нарықта жылжыту мақсатында АӨК Сарапшылық кеңесі құрылатыны туралы атап өтті. Құрылатын орталық ауылшаруашылық өндірушілерінен форвардтық сатып алуларды, сыртқы нарықта сұранысқа ие өнімдер үшін экспорттық арналарды қалыптастыруды, «КZ ORGANIC FOOD» және басқа да отандық брендтерді жылжытуды, сыртқы нарықтарды талдауды, өткізу үшін тиімді сыртқы нарықтар үшін жол картасын жасауды жүзеге асырады. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»