29 Қараша, 2016

Үкімет агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын әзірледі

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үкіметтің 2017-2021 жылдардағы жаңа АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы ауыл тұрғындарының қаржылық ресурстарға қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді 2017-2021 жылдардағы жаңа АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасының аясында Үкімет отандық ауылшаруашылық өндірушілерін шағын несиемен қолдау шараларын кеңейтеді. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов өз сөзінде «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ желісі бойынша несиелеу қайта қарастырылатынын жеткізді. Сонымен қатар, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің барлық категорияларын несиелік ресурстармен қамтуды кеңейту жоспарланған. Тағы бір айта кетерлігі, мемлекеттік бағдарлама аясында мал шаруашылығын субсидиялау бағдарламасын жетілдіру қарастырылуда, сондай-ақ өсімдік шаруашылығын субсидиялау тиімділігін арттыру көзделуде. Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша аграрлық секторды жедел дамыту міндеті алға қойылғаны белгілі. Осыған байланысты ел Үкіметі 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасын әзірледі. Соның нәтижесінде таяу бес жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу экономиканы әртараптандыру мен өсімнің негізгі драйвері болуға тиіс. ҚР Үкіметінің отырысында 2017-2021 жылдардағы жаңа АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын талқылауға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, «Тайынша-Астық» ЖШС бас директоры Анатолий Рафальский, «РЗА» АҚ президенті Самұрат Имандосов, «Агротрэйдинг» ЖШС директоры Сергей Миленко, «Агротрэйдинг» Директорлар кеңесінің төрағасы Дин Ким қатысты. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»