Фото: gov.kz
Қала әкімдігі алдағы уақытта көлік қозғаласы шектелетін көшелер туралы мәлімет бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алдын ала хабарланатынын мәлімдеді.
Астанада қоғамдық веложалдау жүйесі жаңғыртылады
«Жол жабынын жөндеу жұмысы қауіпсіздікті арттыру және сапалы жол инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Жұмыс кезеңінде жүргізушілер үшін баламалы қозғалыс бағыттары ұйымдастырылады. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары жолдағы кептелістерді азайту үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет», делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, жыл басынан бері жол жабынын бүлдіргені үшін шамамен 30 жүргізуші әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Ал қалалық полиция басқармасы жол жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты көлік кептелісінің жиілеуіне орай елордалық полиция жүргізушілерден жол жүрісі қағидаттарын сақтап, жолда жанжал шығармауға шақырып отыр.