29 Қараша, 2016

Бағдарламадан қандай нәтижелер күтіледі?

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Премьер-Министр Б.Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы талқыланды. Онда Премьер-Министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бұл бағдарламадан қандай нәтижелер күтілетінін айтып берді. «Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан халқы үшін ауыл шаруашылығы саласы негізгі кіріс көзіне айналады. 2021 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы жиыны  30%-ға 1трлн теңгеге немесе 3,3 трлн теңгеден 4,3 трлн теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар, еңбек өнімділігін 50%-ға 1,2 млн теңгеден 1,9 млн теңгеге  арттыру, экспорт 17%-ға 2,1 млрд-2,5 млрд АҚШ долларына дейін, және импорт көлемін 17%-ға 3,4 млрд-2,8 млрд АҚШ долларына дейін төмендету көзделіп отыр», – деді министр. Сонымен қатар, суармалы жерлердің үлесін 40%-ға яғни, 1,4 млн га 2 млн га дейін арттыру, осының нәтижесінде кіріс 30 есеге дейін көбейеді. Негізгі басымдылық фермерлерге бөлінеді: мемлекеттік қолдау 7 есеге, яғни 67 мыңнан 500 мың АШТӨ көбейеді. Динара Бітікова, «Егемен Қазақстан»