29 Қараша, 2016

Кәсіпкерлікті қолдауға жылына 2,5 мың микронесие берілмек

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын кәсіпкерлікті қолдауға 2,5 мың микронесие бөлмек. Бұл жаңа жобаның операторы болып "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ бекітілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев айтты. "Микронесиелер жаңа кәсіпорындар ашуға немесе бизнесті дамытуға 6 пайыздық мөлшерлемемен 16 миллион теңгеге дейін беріледі. Микронесие беру екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы жүзеге асырылатын болады", - деді Бишімбаев.   Министрдің айтуынша, жұмыссыздықпен күресіп, өзін-өзі қамтиытын азаматтар санын арттыру үшін "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша қалаларда оқыту көзделіп отыр. Бұл қысқамерзімді курстар сервистік қызмет көрсету, бизнес-тәжірибе мен кәсіпкерліктің құрылуы туралы болады. Мақсатты индикаторлар бойынша жыл сайын 2,5 мың қарыз беріліп, олардың 20 пайызы стартап-жобаларға бағытталады. Қалалардағы микронесиені беруге де "Даму" АҚ оператор болып бекітілді. Микронесие беруге жалпы трансферттен 7 миллиард теңге,  "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы арқылы республикалық бюджетен 3 миллиард теңге қарастырылған.