Шымкентте автобус құрастыратын зауыт іске қосылады, деп хабарлады «ҚазАқпарат».
Қала басшылығы дайын машиналарды сырттан әкелгенше, қоғамдық көлік бөлшектерін құрастырамыз деген шешімге келді. Бұл дәл сол зауытта құрастырылған жеңіл автокөліктерді 30%-ға төмен бағада сатып алуға және автобустардың істен шыққан бөлшектерін оңай алмастыруға мүмкіндік береді.
Зауыттың басты серіктесі – «Мерседес» неміс автокомпаниясы. Зауыт жылына 100-150 автобус шығаруды жоспарлап отыр. Әзірге кәсіпорынға 1 млн доллар қаржы құйылған. Келесі жылы зауыт басшылығы сервистік орталық құрмақшы. Бұл кәсіпорын 100 адамнан жоғары адамды жұмыспен қамтамасыз ете алады.
Алайда, зауыт қазір қалалық әкімдіктің қолдауы мен ынтымақтастығына зәру. Сонымен қатар, мүгедектерге арналған еуропалық үлгідегі арнайы автобустар да жасалынады.
«Қазір бізге «Мерседес» компаниясының өкілі келіп, келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Олар бізбен бірге жұмыс жасауға дайын екендерін айтты. Автобустар экологиялық нормаларға сай болады. Қазір автобустардың үлгілері таңдалуда, бекітілгенін күтудеміз», – деп түсіндірді «Казбельтехника» сауда үйінің бас директоры Бақыт Жасұзақов.
• 29 Қараша, 2016
Шымкентте автобус құрастыратын зауыт іске қосылады

Руханият • Бүгін, 08:10
Дүкен Мәсімханұлы: Шығыстану ғылымының стратегиялық маңызы зор
Сұхбат • Бүгін, 08:07
Ғылым • Бүгін, 08:05
Ғылым • Бүгін, 08:02
Абай облысының әлеуеті: Олжас Бектенов Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді
Саясат • Бүгін, 08:00
Материалдық емес мәдени мұраны сақтаудың жаңа тәсілдері
Саясат • Бүгін, 07:58
Саясат • Бүгін, 07:55
Күрделі миссия – лайықты марапат
Марапат • Бүгін, 07:53
Жасыл энергетика саласындағы ықпалдастық артады
Сенат • Бүгін, 07:50
Астанада қоғамдық веложалдау жүйесі жаңғыртылады
Елорда • Кеше
Ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды?
Ауа райы • Кеше