«Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаевпен» хабарында қонақта болған Президент Нұрсұлтан Назарбаев ата-ананы құрметтеу, теледидардың қоғам алдындағы маңызы және «Бақыт деген не?» атты сұрақ төңірегіндегі ойларын айтты.
«Жұмыс бабымен көп жерлерде болам ғой. Кейде қарттар үйіне де барам. Сонда қазақ қарттарын көрем. Менің жастау кезімде мұндай орында қазақтың қариялары болмаушы еді. Қазір қазақ қарттарын да көретін болдық. Жандарына отырып «Балаларыңыз бар ма?» деп сұраймын. Сонда олардың көбі «Оны сұрамай-ақ қойыңыз» деп жауап береді» деген Елбасы ата-ананы құрметтеудің қандайлық ұлы парыз екенін айтты. «Оларға бір нәрсе бөліп беру де қажет емес. Тек жандарына біраз отырып, құшақтасаңдар, соның өзі олар үшін үлкен қуаныш» деді Президент.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев теледидардың ағартушылық, адамгершілікке шақыру бағыты басым болуы керектігін атап өтті. «Меніңше, теледидардың мақсаты – жақсы нәрсеге үйрету» деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан «Түнгі студия» хабары шамамен он минутқа созылды.
• 29 Қараша, 2016
«Түнгі студияда" Елбасы ата-ана алдындағы парыз жайында айтты

Руханият • Бүгін, 08:10
Дүкен Мәсімханұлы: Шығыстану ғылымының стратегиялық маңызы зор
Сұхбат • Бүгін, 08:07
Ғылым • Бүгін, 08:05
Ғылым • Бүгін, 08:02
Абай облысының әлеуеті: Олжас Бектенов Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді
Саясат • Бүгін, 08:00
Материалдық емес мәдени мұраны сақтаудың жаңа тәсілдері
Саясат • Бүгін, 07:58
Саясат • Бүгін, 07:55
Күрделі миссия – лайықты марапат
Марапат • Бүгін, 07:53
Жасыл энергетика саласындағы ықпалдастық артады
Сенат • Бүгін, 07:50
Астанада қоғамдық веложалдау жүйесі жаңғыртылады
Елорда • Кеше
Ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды?
Ауа райы • Кеше