Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві белгілі мемлекет қайраткері, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Социалистік Еңбек Ері, 2017 жылы 100 жылдығы атап өтілетін Байкен Әшімовке арналған дөңгелек үстел өткізді.
Ауылдан шыққан бала тәлімді істердің бастауында жүрді.
Байкен Әшімов республиканың жауапты басқарушы лауазымдарын атқарған кезде халыққа қызмет етудің биік үлгісін көрсете білді. 1970–1984 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болды.
Оның жемісті жұмысы кеңестік кезеңнің және тәуелсіз Қазақстанның жоғары мемлекеттік марапаттарымен аталып өтті.
Дөңгелек үстелде Байкен Әшімов туралы «Реквием» атты естелік кітаптың тұсаукесері өтті, кітапты жазған онымен бірге қызмет еткен Николай Колинко – белгілі жазушы, Қазақстанның құрметті журналисі. Кітап Б.Әшімовпен бірге қызмет атқарған Қазақ КСР жоғары партия басшыларының, достары мен туыстарының естеліктерінен, мақалалардан құрастырылған.
Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне Байкен Әшімовтің құжаттарын тапсыру туралы келісімшартқа қол қою қорытындылады.
Іс-шараға Қазақстанның белгілі қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Сапарбай ПАРМАНҚҰЛОВ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі тіркелді
Оқиға • Кеше
Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Астанада шолу дөңгелегінде өрт шықты
Оқиға • Кеше
Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады
Спорт • Кеше
Курчатов ғылым қалашығына айналады: Даму жоспары әзірленді
Аймақтар • Кеше
Қайтарылған активтер есебінен Шымкентте жаңа жатақхана ашылды
Аймақтар • Кеше
Мұраға қалған мүлікті қалай дұрыс рәсімдеу керек?
Қоғам • Кеше