Германияның Франкфурт қаласында халықаралық қазіргі заманғы бессайыс одағының (UIPM) 68-ші есептік-сайлау конгресі болды.
Конгреске әлемнің 78 елі ұлттық федерацияларының бірінші басшылары мен хатшылары қатысты. Бұл ұйымның рекордтық көрсеткіші болып табылады.
Конгресте ұйымдық мәселе қаралып, оның қорытындысы бойынша одақтың президенті болып доктор Клаус Шорманн қайта сайланды. Ал Қазақстан Ұлттық олимпиялық комитеті атқару комитетінің мүшесі, республиканың қазіргі заманғы бессайыс федерациясы президенті Берік Имашев халықаралық одақтың вице-президенті болып сайланды.
Конгресте UIPM-нің 5 вице-президентінің орынтағына 9 кандидатура ұсынылды. Жасырын дауыс беру жолымен жүргізілген сайлаудың үшінші 3 раундынан кейін жаңа вице-президенттер есімдері белгілі болды. Бұл саптан Хуан Антонио Самаранч (Испания), Жоэль Боузоу (Франция), Вячеслав Аминов (Ресей), Хуан Манзо Оранегиу (Мексика) және Берік Имашев (Қазақстан) табылды.
Конгресте қазіргі заманғы бессайыстың және олимпиялық қозғалыстың дамуына қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Ұлттық олимпиялық комитетінің бірінші президенті, UIPM және АМРС атқарушы комитетінің бұрынғы мүшесі, марқұм Тимур Досымбетов «UIPM-нің құрметті мүшесі» медалімен марапатталды. Оның есімі Лозаннадағы Олимпиада музейінің UIPM құрмет залына енгізілді.
Конгресте 2018, 2019 жылдарда әлем чемпионаттарын қабылдайтын қалалар анықталды. 2018 жылғы Әлем кубогының финалы Алматыда өтетін болады.
Серік ПІРНАЗАР, «Егемен Қазақстан»
• 30 Қараша, 2016
Имашев – Халықаралық бессайыс одағының вице-президенті

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше