30 Қараша, 2016

7 млн тастан жасалған өрнектер табылды

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
161123161921-jericho-mosaic-circular-pattern-exlarge-169 Иерихондағы Хишам сарайының едені әрқайсысы бір шаршы сантиметр болатын 7 миллион мозаика тастарымен көмкерілген. Көп жылдар бойы бұл өнер туындысы құпия сақталып, тек өткен айда ғана көпшілік назарына ресми түрде ұсынылды, деп хабарлайды CNN. 161123161747-jericho-mosaic-geometric-pattern-exlarge-169 Бұл жерді ең алғаш 1935 жылы палестиналық археолог Дмитрий Барамки мен британ археолог Роберт Гамильтон тапқан. Бірақ жер эрозиясынан сақтау үшін тастар құм астында жатқан. 161123161550-jericho-mosaic-floral-design-exlarge-169 Үш ай бойы жүргізілген қазба жұмыстарынан кейін тастардан геомертиялық өрнектер анықталған. Ол 900 шаршы метр жерді алып жатыр. 161123161342-jericho-mosaic-pattern-exlarge-169 Палестина туризм министрлігінің Иерихондағы бөлімінің бас директоры Эйяд Хамданның айтуынша, бұл жобаға Жапониядағы халықаралық серіктестік агенттігі 12 млн доллар қаражат салған. Ал бұл жерді көрмеге айналдырып, тастардың берік сақталуы үшін қажетті жұмыстарды атқаруға 1,5 жыл уақыт керек екен. 161123161233-jericho-mosaic-in-detail-exlarge-169 Бұл мозаика тастар орналасқан Хишам сарайы б.з.б. 8 ғасырда салынған. Бір қызығы, барлық тастар бірігіп осындай әдемі біртұтас өнер туындысын құрайды. 161123160957-jericho-mosaic-from-above-exlarge-169 Хишам сарайы Палестинадағы туристер ең көп баратын жерлердің бірі. Бірақ осы тастар ашылғалы бұл жердің туризмі де артыпты. Бұрын ай сайын 1000 турист келсе, бір айдың ішінде бұл көрсеткіш 6 мың адамға жеткен. 161123155945-jericho-mosaic-hishams-palace-exlarge-169 161123160557-jericho-mosaic-exlarge-169