Бүгін Талдықорғанда 16 қабатты қонақ үй пайдалануға берілді. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ашылған кешен қаланың оңтүстік-батыс ауданында бой көтерді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Қонақ үй құрылысы былтыр көктемде басталған. «Көктем Гранд» атты кешен жеке инвестордың қаржысына салынып, мұнда қонақ үй және бизнес орталық қызметі қатар ұсынылады.
«Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ашылып отырған Талдықорған қаласындағы «Гранд Көктем» қонақ үй кешені қаладағы ең заманауи, соңғы үлгідегі, жоғары класты кешен болғалы отыр. Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің өтуіне байланысты жоғары деңгейдегі қолайлы жағдай қарастырылған қонақ үйлерге деген қажеттілік өсіп отыр. Шетелдік туристерге ұсынылған нысандар тізімінде Алматы облысының да көрнекті орындары енгізілген. Туристік сала өңірдегі ең маңызды салаға айналып келеді. Сондықтан облыс орталығы Талдықорған қаласын көркейте түсу – біздің басты мақсатымыз. Қонақ үй кешені жеке инвестицияға салынған, ортақ іске өз үлесін қосып, Талдықорғанның тартымды қала болуына атсалысады деп сенемін», – деді өз сөзінде өңір әкімі Амандық Баталов.
Жалпы, бұл қонақ үй кешені түрлі көлем мен кесіндегі үш блоктан тұрады.
Қонақ үйдің 3-10 қабатқа дейін бизнес орталықтың кеңселері. Сол сияқты нысанда мәжіліс залы, мейрамхана кешені мен салтанат залы, бассейні бар фитнес орталық, жаттығу және қонақ залдары бар.

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Инвестиция • Бүгін, 10:32
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Әдебиет • Бүгін, 10:20
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Қысқы спорт • Бүгін, 10:12
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:49
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10