Кейкі батырды жерлеу шаралары алдағы жылдың қыркүйегіне белгіленіп отыр. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.
«12 желтоқсанда бізге Будапешттен Кейкі батырдың бет әлпетінің мүсінін алып келеді. Қазіргі кезде алдын ала суреттер жіберілді. Батырдың өзіндік ерекшеліктері бар екенін білесіздер. Үкімет басшысының орынбасары басшылық етіп отырған мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, онда ақылға салынған тиісті шешім қабылданды. Оған құрметті тұлғалар қатысты. Атап айтқанда, барлық шараларды қыркүйекте өткізу орынды болатындығы келісілді. Біз аталған мерзімге дейін Кейкі батырға монумент салуымыз керек. Өйткені, қазіргі кезде тұрған ескерткіштің биіктігі екі метр ғана екен», – деді министр.
Бұдан бөлек, ДНҚ-ны соңына дейін анықтау міндеті тұрғанына тоқталған ол, мажарлық ғалымдар тиісті зерттеулер жүргізіп жатқанын жеткізді.
Айта кетейік, 13 қазан күні Қазақстан Республикасы елшілігінің көмегімен Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі Будапешт қаласына Кейкі батырдың бас сүйегін жеткізген болатын. Венгрияның жаратылыстану ғылымдары музейінде Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінің директоры Нұрсан Әлімбай Венгрия музейінің бас директоры Золтан Коршошқа ДНҚ сараптамасын жүргізіп, қалпына келтіру үшін Кейкі батырдың бас сүйегін тапсырды. Музейдің антропологиялық бөліміне жетекшілік ететін Агнеш Куштар Кейкі батырдың бас сүйегін қалпына келтіру жұмыстарын өз басшылығына алды.
• 30 Қараша, 2016
Венгриядан Кейкі батырдың мүсінін 12 желтоқсанда алып келеді

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Инвестиция • Бүгін, 10:32
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Әдебиет • Бүгін, 10:20
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Қысқы спорт • Бүгін, 10:12
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:49
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10