«Астана» Ұлттық сурет галереясында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы ұраны – Мәңгілік Ел» атты дөңгелек үстел өтті. Осы алқақотан әңгіме аясында Елбасы бейнеленген туындылардан құралған көрме ұйымдастырылды.
Іс-шараға қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбай мен Президенттің бейнесін салған Амандос Ақанаев, Ерлан Айтуаров, Нұржан Қарымсақов, Манатбек Аманбаев сынды танымал суретшілер қатысты.
– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының стратегиялық сарабдал саясатының арқасында Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, мемлекеттік институттарымыз нығайып, көк байрағымыз асқақтап, ұлттық рәміздеріміз айшықталды, – деді шараны ұйымдастырушылар. Сондай-ақ, жиында егемен еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері айтылды. Осы ретте қатысушылар нарық кезеңінде көрегендік танытып, Қазақстан халқын тығырықтан алып шыққан Мемлекет басшысының кемеңгерлігі мен тәуекелшілдігі жайында әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, шара соңында Елбасының ерен еңбегін насихаттауда Тұңғыш Президент күнінің рөлі зор екені баса айтылып, қылқалам шеберлерінің Президентті бейнелеген туындылары жайлы сөз қозғалды.
Қонақтар жиын біткен соң суретшілердің қаламынан туған Елбасы жайлы суреттерді тамашалап тарқасты.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан»

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Инвестиция • Бүгін, 10:32
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Әдебиет • Бүгін, 10:20
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Қысқы спорт • Бүгін, 10:12
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:49
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10