17 Қыркүйек, 2011

Кеше...

281 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
...ЗАҢ  ЖОБАСЫНА ТҮСІНІК БЕРДІ Мәжілісте «Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу ту­ра­лы» заң жобасының таныс­ты­ры­лымы болып өтті. Соны­мен қатар, «Қазақстан Респуб­ли­касының кей­бір заң­на­ма­лық актілеріне гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері бой­ынша өзгеріс­тер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жобасының мақсаты да баяндалды. Ал алғашқы заң жобасының негізгі мақсаты – гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу және қазіргі заманғы биотехнология әдістерін қолдана оты­рып алын­ған генетикалық түр­лен­­ді­ріл­ген объектілерді (ГТО) алумен, сынаумен, өндірумен, пайдаланумен және өткізумен бай­­ла­нысты қоғамдық қатынас­тарды регламенттеу. Отырыста заң жобасы бой­ынша түсінік берген Білім және ғылым министрінің орынбасары М.Орынхановқа депутаттар сұ­рақ­тар қойып, өз ұсыныстарын алға тартты. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ. Астана. * * * ...БАСҚАРМАНЫҢ  ЖАҢА БАСТЫҒЫ  ТАНЫСТЫРЫЛДЫ Кеше Қостанайға Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агент­­тіктің төрағасы Әлихан Байменов келді. Ол агенттіктің аумақтық бас­қармасында бо­лып, ұжыммен және тәртіптік кеңес мүше­ле­рі­мен кездесті. Ал­дымен ұжымға осы бас­қар­маның жаңа бастығы Асқар Шомановты таныстырды. Оның тәртіптік кеңес төрағасы болып табылатыны да белгілі. Әлихан Байменов мұнан кейін Қазақстан Республикасын­да­ғы мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тұжырымдамасы­ның негізгі ережелеріне тоқ­тал­ды. Мемлекеттік қызмет сапа­сы­ның жақ­са­рып, қызметкерлер бі­ліктілі­гі­нің артуы үшін осы кезге дейін орын алып келген, тіпті, жең ұшынан жалғасуға бас­тай­тын көп­теген формальды­лық­тардан ары­лу керектігін айтты. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай. * * * ...«ИНДУСТРИАЛЬНАЯ КАРАГАНДА»  ГАЗЕТІНЕ 80  ЖЫЛ  ТОЛДЫ Осыншама уақыт бұрын «Боль­шевистская кочегарка» атауы­мен алғашқы нөмірі жа­рыққа шығып, содан соң «Социалистическая Караганда», беріде «Индустриальная Караганда» болып өзгертіл­ген қарағандылық орыс тілді оқырмандардың сүйік­ті бұл басылымы аймақ шежі­ресінің айнасы саналып келеді. Газеттің мерейтойына бай­ла­нысты облыс әкімі Серік Ахметов кеше редакция ұжы­мымен кез­десіп, елеулі оқиға­мен құт­тық­тады. Байырғы журналистер Екатерина Кузнецова, Валерий Сабин және бірнеше тілші облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Редакцияға жеңіл көлік тарту етілді. Айқын НЕСІПБАЙ. Қарағанды.