20 Қыркүйек, 2011

Елордалық музыканттар Италиядан оралды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана қалалық филармониясының ка­мералық оркестрі Қазақ ұлттық өнер уни­­верситетінің  ректоры Айман Мұ­сақожае­ва­ның басқаруымен Италияның әртүрлі қалала­рын­да өнер көрсетті. Музыканттар гастрольдік сапармен Тревизо, Альба, Сицилия, Турин, Мелан, Неаполь қалала­­рында болды. Онда оркестр «Музыка на озере»  фестиваліне де қа­тысты. Айман Мұсақожаева орындаған музыкалық шы­ғар­малар фестиваль кө­рер­мендерін тәнті етті. Музыка сын­шы­лары  ор­кестрдің орындауындағы К.Сен-Санстың,  Бизе­нің, Ф.Ваксманның, сондай-ақ Е.Брусиловскийдің «Бозай­ғыр»  және  Еділ  Құсайынның  «Терме» атты шы­ғар­­ма­ла­рын өте жылы қа­былдады. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар