01 Желтоқсан, 2016

Елбасы қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
era_7071 Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан Республикалық жастар форумына қатысып, Қазақстан жұртын бүгінгі мейраммен құттықтады. «Тұңғыш Президент күні мейрамында және еліміздің ұлы мейрамы – Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында бүгін жиналған жастарды және бүкіл Қазақстан жастарын Форумның ашылуымен құттықтаймын. Бүгінгі күн халқымыздың тарихына демократиялық сайлауда алғаш рет Мемлекет басшысы сайланған ұлы күн ретінде кірді» деді Елбасы форумға қатысушыларға. 30 қараша және 1 желтоқсан күндері Астанада Республикалық жастар форумы өтеді. Форум тәуелсіздік жылдары Қазақстан жастарының жетістіктерін көрсетуге арналады. Бүгін тәуелсіздік сарайына Президентпен кездесуге еліміздің түкпір-түкпірінен мыңнан аса жас жиналды. Фото Ерлан Омаров era_7139