01 Желтоқсан, 2016

Елбасы не себепті Парламентті бірнеше рет таратқанын айтты

157 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«Сіздер тәуелсіздікпен құрдассыздар. Сіздер отанымыздың кеңестік тарихы, әке-шешелеріміз өмір сүрген жүйе, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы қиындықтары туралы білмейтін алғашқы буынсыздар. Сіздерге басқа өмір таныс емес. Алайда, тәуелсіздіктің бізге ғана емес, барлық халықтарға үлкен қиындықпен келетінін білулеріңіз қажет» деді Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Республикалық жастар форумында сөйлеген сөзінде. «Еліміздің ұлы да қиын жолында бәрі болды: гиперинфляция, жаппай жұмыссыздық, өнеркәсіп орындарының жабылуы, жалақы мен зейнетақының жоқтығы. Бізге жұмыс істеу керек болды, Қазақстанның аяғынан тұрып кете алатынын дәлелдеу керек болды. Түрлі жорамалдар айтылды. Көпұлтты ел, ішкі тұрақсыздық, әлсіз экономикасы болғандықтан Қазақстан мемлекет бола алмайды деді. Біз бәрі керісінше екенін дәлелдедік. Тұрмыс деңгейі өте төмен, ешкім білмейтін ел – 90-жылдардың басындағы жағдай осындай болатын» деді Мемлекет басшысы. Елбасы сонымен қатар Парламентті неліктен бірнеше рет таратуға тура келгені жөнінде айтты. «Ескі жүйе бойынша сайланған Парламент жаңа реформаларды жасауға қарсылық көрсетті. Сондықтан жауапкершілікті көтеруге тура келді. Оларды ды кінәлауға болмайды. Олар басқа формацияның адамдары еді. Жекешелендіру, нарық, еркін экономика, еркін саясат сияқты ұғымдар оларға түсініксіз болатын, сондықтан оларды қолдамады. Осылайша, сол дүрбелең жылдары биліктегі қатаң конфронтация жағдайында бірнеше рет Парламентті таратып, жауапкершілікті өз мойныма алуға тура келді. Сөйтіп, бес айда заңдық күші бар 147 жарлық дайындап, жарияладық. Дәл осы шешімдер Қазақстанды өзге посткеңестік елдермен салыстырғанда әлдеқайда алға озуға мүмкіндік берді» деді Нұрсұлтан Назарбаев.