Тарбағатай ауданының Қызылкесік ауылында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында қазақ тарихында есімі құрметпен аталатын әйгілі би, батыр Боранбай Қалқаманұлының ескерткіші ашылды. Аталған шараға қоғамдық ұйымдар мен аудандық ардагерлер кеңесінің өкілдері және өңір жұртшылығы қатысты.
Қазаққа қауіп төндірген жоңғар шапқыншылығының бір легі Барқытбел мен Барлықты асып жөңкілгені тарихтан белгілі. Ойрат басқыншыларына қарсы соғысқан тарихи тұлғалардың бірі – Боранбай Қалқаманұлы. Тарихи-әдеби деректерде Қаракерей Қабанбаймен есімі қатар аталатын бидің Абылай ханның саясатын іске асыруға қосқан үлесі өте зор болған көрінеді.
– Тәуелсіздік туын тігуге ұмтылған қаһарман бабаларымыздың ерлігіне тағзым ету – ертеңін ойлаған еңселі ұрпақтың асыл парызы. Сол бір дүрбелең дүниенің бүгінге жеткен жасын-жаңғырығы ұрпақ санасында жай отындай жарқыл тауып жатса, отаншылдық мәйегінің толықси түскені, – деді ескерткіштің ашылу салтанатында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев.
Сондай-ақ, ауылдық мәдениет үйінде дала данасының өмірі мен қызметі жөнінде ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Би Боранбай атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Гүлбатай Зияданова Боранбай бидің қайраткер ретіндегі болмысына, мектептегі «Қызылтас қырандары» ақындар үйірмесінің жетекшісі Медет Орынғожин «Ақырғы шайқас» дастанындағы би бейнесіне тоқталды. Ал аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшесі, дербес зейнеткер Мұратбек Қаратаев ауданда соңғы уақытта тарих тағылымын ұлықтаған шаралардың дүркін-дүркін өтіп жатқаны қуантатынын айтты.
Шығыс Қазақстан облысы,

Айбын • Бүгін, 18:00
Жамбыл облысында жоғалған малшы аман табылды
Оқиға • Бүгін, 17:45
Айбын • Бүгін, 17:20
Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды
Елорда • Бүгін, 16:55
Жаңа саяси күш: «Әділет» партиясының басты ұстанымдары қандай?
Партия • Бүгін, 16:24
Димаштың жанкүйерлері шала туған сәбилерге көмек көрсетті
Оқиға • Бүгін, 15:50
Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30
Unitree роботы мен әскери шоу: Астанадағы мереке ерекше форматта өтті
Мереке • Бүгін, 15:05
5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:44
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Бүгін, 14:36
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Бүгін, 14:25
Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15
Кең көлемді амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік болатынын түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 13:45
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 13:19
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Бүгін, 13:00