04 Желтоқсан, 2016

Австрияда сайлау учаскелері ашылды

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Австрияда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:00-де (Астана уақытымен сағат 12:00-де) сайлау учаскелері ашылды, деп хабарлайды ТАСС. Республика бойынша олардың жалпы саны 10 мыңды құрайды және 1504-і Венада орналасқан. Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен кешкі сағат 17:00-де жабылады. Қайтадан өткізіліп жатқан сайлау БАҚ тарапынан да ерекше қызығушылық тудырып отыр. Республиканың ІІМ хабарлауынша, арнайы баспасөз орталығына 750 журналист тіркелген. Оның 500-і австриялық БАҚ өкілдері болса, қалған 250-і шетелдік журналистер. Естеріңізге сала кетсек, сайлауға Александер Ван дер Беллен мен Норберт Хофер түседі. Дауыс беру басталмас бұрын екі кандидат халықты сайлауға белсенді қатысуға шақырды. "Сіздердің сенімдеріңіз өте қымбат. Мен оны сақтап қаламын. Менің болашақ ұрпақ пен Отанымның алдында жауапкершілігім бар", деді Хофер. Ал Александер Ван дер Беллен "Аустрияның болашағы үшін бірігіп күш жұмсайық. Маған президент болуға мүмкіндік беріңіздер", деді.