04 Желтоқсан, 2016

"Алтын домбыраның" екінші кезеңінде 12 ақын айтысып жатыр

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
44fc5ff8198e5a33fc4294a24f348cc2 Айтыс ақындарының биылғы басты додасы - Ел тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Алтын домбыра» сайысы Алматыдағы Республика сарайында өтіп жатыр. Кеше басталған республикалық айтыстың басты демеушісі - Алматы қаласының әкімдігі. "Нұр Отан" партиясының қолдауымен өткен айтыстың бірінші кезеңінде Ершат Қайболдин - Сырым Əділбек, Мақсат Ақанов - Әсем Ережеқызы, Шұғайып Сезімхан - Жансая Мусина, Айбек Қалиев - Мейірбек Сұлтанхан, Серікзат Дүйсенғазы -  Иран-Ғайып Күзембаев, Рүстем Қайыртайұлы - Өміржан Көпбосынов, Қалижан Білдашев - Болатбек Мейірбекұлы, Еркебұлан Қайназар - Мұхтар Ниязов, Ержан Әміров - Аспанбек Шұғатаев, Нұрлан Есенқұлов - Нұрмат Мансұровтар он жұп болып бақ сынады. final "Алдын домбыра" айтысының екінші айналымына 12 ақын өтті. Атап айтсақ, Еркебұлан Қайназар, Мұхтар Ниязов, Рүстем Қайыртайұлы, Аспанбек Шұғатаев, Мейірбек Сұлтанхан, Ержан Әміров, Өміржан Көпбосынов, Жансая Мусина, Қалижан Білдашев, Иранғайып Күзембаев, Серікзат Дүйсенғазы, Болатбек Мейірбекұлы. Олар қазір 6 жұп болып айтыстың екінші кезеңіне қатысуда. final1