05 Желтоқсан, 2016

Трамп Обаманың бүгінге дейінгі саясатын түбегейлі өзгертпек

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Президенттікке жаңадан сайланған Дональд Трамп Ақ үйдің тағына отырған бірінші күннен бастап Обаманың бүгінге дейінгі ұстанып келген саясатын түбегейлі өзгертпекші. Соның ішінде республикашыл партия өкілі Обаманың Азия векторындағы саясаты, Транс-Тынық мұхиты Әріптестігі сауда пакты, Обамасақтау (Obamacare) және Иран ядролық мәселесінде басқаша қадамға баратынын мәлімдеп отыр. Иран мәселесінде Трамптың саясаты Обаманың ұстамымен мүлде келіспейді. Трамп бұл туралы Обаманың сегіз жылдық жұмысын "тарихта бұрын-соңды жасалған ең сәтсіз келісім" деп бағалап отыр. Осы орайда Трамп Иранмен келісімшартты қайта қарамақшы. Оңтүстік Корея, Жапония, Чили, Тайвань мен АҚШ секілді Тынық мұхитының жағасындағы бірқатар мемлекеттердің өзара бірлесе құрған Транс-Тынық мұхиты әріптестігіаясындағы ықпалдастықтың АҚШ сыртқы экономикасына кері әсерін беретінін айтады Ақ үйдің келесі басшысы. Сонымен қатар Трамп Обаманың Азиямен тым қойын-қолтық сауда жасасуына да қарсылығын білдірген. АҚШ денсаулық сақтау саласында кейінгі жылдары жиі айтылған Обамасақтау (Obamacare) әлеуметтік бағдарламасын Трамп Affortable Care Act бағдарламасымен алмастырмақшы. Трамптың айтуынша, Обаманың әлгі бағдарламасы қарапайым халықтың денсаулығын сақтауда өз нәтижесін әлі берген жоқ.