05 Желтоқсан, 2016

Үкіметте мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мәселесі қаралады

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ертең, 6 желтоқсанда, сағат 10:00-де, Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық тәртіпте Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлады primeminister.kz.
Күн тәртібінде – «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын іске асыру туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын талқылау, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелері, сондай-ақ жекешелендірудің жүргізілу және мүлікті заңдастыру акциясының барысы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.

Ұқсас жаңалықтар