06 Желтоқсан, 2016

Жұлдызы жанған журналистер

167 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
05-12-16-konkursреспубликалық конкурста жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды Кеше Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітап­хана­сында «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» атты республикалық конкурстың қорытын­дысы жарияланды. Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры ұйымдастырған бұл конкурс БАҚ қызметкерлерінің арасында өткізілді. Журна­лис­тердің ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­­­дығына арнаған мате­риал­дарының ішінен ең таң­даулыларын анықтаған бай­қауды қорытындылау шарасына Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тұңғыш Прези­денті – Елбасы Қорының ди­рек­торы, Парламент сена­ты­­­ның депутаты Дариға Назарбаева, Президент Кең­сесінің бастығы – Қазақ­стан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітап­ханасы директорының мін­детін атқарушы Махмұт Қа­сым­­беков, Мәжіліс депу­тат­­тары, зиялы қауым, БАҚ өкіл­дері және жастар қатысты. Еліміздің Тәуелсіздік жыл­­­­­дарындағы жетістік­терін көр­сету, насихаттау, Қазақ­­стан мемлекеттілігінің негі­зі ретінде «Назарбаев мо­де­лін», Елбасы идея­лары мен бас­тамаларын жұрт­шы­­­лық­қа таныстыру мақ­сатын­да қолға алынған кон­курс­­ты қоры­тындылау рәсі­мін­де Д.Назарбаева бірін­ші кезек­те аталған шара­ның ма­ңыз­дылығына тоқта­ла келіп, кон­курстың жеңім­паздары мен жүлдегерлерін құттықтады. – Тәуелсіздіктің ширек ғасырында күрделі және қы­зық­ты саланы таңдап, өмі­рін журналистикаға арнаған кәсіби мамандардың бірне­ше буыны өсті. Конкурсқа жол­данған барлық жұмыстар назар аударуға лайық. Әрбір материалдан туған жерге деген сүйіспеншілік сезіледі. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттық­тай­мын. Олар өздерінің жұмыс­тарын­да Елбасының баста­ма­ларын нақты көр­сетіп, елі­міз­­дегі негізгі оқиғаларға ерек­ше көзқарастарын біл­діруге тырысқан. Барлық жур­­­­на­лиске мықты ден­сау­­лық, шығармашылық табыс тілеймін, – деді Дариға Назарбаева. Махмұт Қасымбеков өз ке­зегінде конкурстың ауқы­мы өте кең болғанын, жол­дан­ған барлық жұмыс­тар елі­­міз­дің ақпарат құрал­дарын­­да жарияланып, Отаны­­мыздың тәуелсіздік жыл­­­дарын­да­ғы Тұң­­­ғыш Пре­зи­­денті­міз Нұрсұл­тан Назарбаевтың бас­шы­­­лы­­­ғы­­­мен жеткен жетіс­тік­­терін көп­­­­ші­лікке кеңі­нен паш ет­ке­­­нін, конкурсқа түс­кен ма­те­риалдардың басым көп­ші­­­лігі­­нің мазмұны терең, көркем­дік дең­гейі жоғары болғанын жеткізді. Бұдан кейін Мәжіліс депутаттары Сауытбек Абдрах­манов, Артур Платонов және басқалар сөз сөйлеп, бай­қаудың мән-маңызы тұрғы­сынан сөз қозғады. Айта кетейік, бекітілген ережеге сәйкес конкурсқа арналған жұмыстар биылғы маусымның 1-інен қазанның 31-іне дейін 4 аталым бойынша қабылданды: «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала», «Үздік теледидар материалы», «Үздік радиоматериал», «Ғаламтордағы БАҚ үздік жарияланым». Шығармашылық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 365 материал жол­даныпты. Конкурсқа қызы­ғу­шылық танытқан 111 автор­дың арасында облыстар­дың журналистері ерекше белсенділік танытқан. Осылайша, әлгі аталымдар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді белгілі журналистерден, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінен тұратын конкурстың комиссиясы анықтады: «Газеттер мен жур­налдардағы үздік мақала» аталымы бойынша: Бірінші орын – Сергей Харченко, «Қостанай жаңалықтары» ЖШС бас директоры, Қостанай облысы Екінші орын – Айтуар Өтегенов, танымал журналист, Маңғыстау облысы Үшінші орын – Әлисұлтан Құланбай, «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы, Астана қаласы «Үздік теледидар материалы» аталымы бойынша: Бірінші орын – Александр Дремов, «Далгер» ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облысы Екінші орын – Сәния Ама­н­гел­­діқызы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық фи­лиа­лы­ның тілшісі, Ақмола облысы Үшінші орын – Эльмира Ахметова, «Хабар 24» теле­арнасының меншікті тілшісі, Шығыс Қазақстан облысы «Үздік радиоматериал» аталымы бойынша: Бірінші орын – Татьяна Жанділдина, «Қазақ радиосы», «Достық» халықаралық бөлімінің редактор-жүр­гізушісі, Алматы қаласы Екінші орын – Аида Баймакова, «Астана радиосы» редактор-жүргізушісі, Астана қаласы Үшінші орын – Азамат Исаев, «ORDA FM» радио­стансасының директоры, Астана қаласы «Ғаламтордағы БАҚ үздік жарияланым» аталымы бойынша: Бірінші орын – Тимур Әубәкіров, «ГИС Әскери Медиа» ЖШС талдамашы-шолушысы, Астана қаласы Екінші орын – Айымгүл Әбілева, «Baq.kz» ақпараттық агенттiгiнің тілшісі, Астана қаласы Үшінші орын – Әсем Құлжанова, «BNews.KZ» ақпарат агенттігінің Ақмола облысындағы меншікті тіл­шісі, Ақмола облысы Комиссия өкілдерінің айтуынша, бұл шығармашылық байқау аймақтық журналис­тиканың тынысын бағамдап, дарынды тілшілерге қолдау көрсетуге жол ашқан. Айта кетейік, аталым­дардың әрқайсысы бойынша жеңімпаздарға 1 мил­лион теңгеден, ал екінші және үшінші орын иеленгендерге тиісінше 500 мың және 200 мың теңгеден берілді. Сонымен қатар, байқаудың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен төсбелгілер табыс етілді. Осы арада ерекше тоқ­та­ла кетер жайт, мазмұны терең, мағы­насы кең байқауда жүл­де алғандардың қата­рын­да әріп­тесіміз Әлисұлтан Құлан­­байдың болғаны «Егемен Қазақстан» газеті ұжы­­мы­ның мерейін бір өсіріп тастады. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»