06 Желтоқсан, 2016

Аққұдыққа газ келді

313 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
gaz-1Облыста елді пункттерді газ­дан­­дыру жұмыстары жалғасу­да. Жақында тағы бір елді мекен – Аққұдық ауылына газ беріл­ді. Боранға қарамастан, аққұдық­тық­тар ауыл сыртындағы авто­­мат­­ты газ бөлу стансасы маңын­­да көп жиналды. Талай жылдар­дан бері арман болып келген көгіл­дір отын­ның игілігін көруге ықы­лас­ты ауылдықтардың салтанатты сәтке асығулары да орынды. Олар үшін мұның өзі өте маңызды шара екені сөзсіз. Бұйығы ауыл тір­ші­­лі­гіне көгілдір отынның көп жақ­­сы­­лық­тар әкелетінінен үмітті ауылдық­тар. Бұл ауылда кезінде егемен­дік­тің елең-алаңындағы қиындық­тар­ға шыдамай қала­лы жерге қоныс аударып кеткендер де бо­лып­ты. Қазір ауылда біраз үй бос тұр екен. Алайда, іргеден әктас өндіретін кен орны ашылып, 40-тан астам ауылдық көктей өтіп жатқан «Хромтау-Алтынсарин» темір жолына жұмысқа тұрып, ауылдың жағ­­дайы түзеле бастап­ты. Ауыз су әр үйге барып тұр, енді міне, газ келтірілді. Ақ­құ­дық­­­­­тық­тар енді ірге көтеріп кет­­кен жер­лес­тері­нің қай­тып ора­ла­ты­нына сенімді. Ауылға газ берілу салтана­тын­да сөз алған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аққұдық­­тық­тарды қуанышты сәттерімен құт­тық­­т­ады, биылғы жылдың бар­ша қазақ­стан­дық­тар үшін айрық­ша маңызды екенін жеткізді. – Еліміз үшін ма­ңыз­­ды оқиға – Тәуел­сіздіктің 25 жыл­дығын мерекелеуге дайын­да­лу­да. Бұл мерекеге тартулы та­быс­тар­­мен және үздік көрсет­кіш­тер­­мен баруымыз керек. Ел­басы­­ның тап­­сыр­масы бойынша халық­­тың тұ­р­мысын жақсарту, олар­дың түйін­ді әлеуметтік мәсе­ле­лерін шешу шара­лары іске асырылуда. Биыл барлық аудан ор­та­лық­­тары газдандырылды, об­лыс тұр­ғындарының 92 пайызы кө­гіл­дір отынның игілігін көріп отыр. «ҚазТрансГаз» АҚ-тың 2012-2020 жылдарға арналған ин­вес­ти­­циялық жобалары аясын­да 300 шақырым газ құбыры тар­тыл­ды. Таяу жылдарда об­лыс тұр­ғы­н­дары­ның 96 пайызы газбен то­лық қам­­­та­масыз етіледі, – деді өңір басшысы. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ақтөбе өн­дірістік филиалы дирек­торы­ның орын­басары Ермек Қалды­ғұлов ауылдық­тар­ды газ­дың берілуімен құттықтап, қыс­қа мерзімде 200 шақырым газ құбыры тар­тыл­­ғанын, барлық аудан орта­лықтары газдан­дырыл­ғанын, ен­ді алыс ауылдарға көгілдір отын жеткізілетінін атап өтті. Содан кейін облыс әкімі Берді­бек Сапар­баев бастаған топ көгіл­дір отынның игілігін көріп отыр­ған «Қайнар» шаруа қожа­лы­ғының жетекшісі Бауыржан Дәулетияров­тың үйіне барды. Бауыржанның анасы Жұма­сұлу әже көргеннен-ақ алғысын жау­ды­­рып, ризашылығын білдірді. – Бүгін біздің ауыл үшін «ақ түйенің қарны жарылған» ақ­жарылқап күн болды. Үй­лері­­мізге газ кіргізіліп, көгілдір отын­ның игі­лігін көріп жатырмыз. Ауыл үстінен темір жол өтеді, ауыз су, электр бар. Енді бұдан ар­тық не керек. Мемлекет басшысына және оның саясатын жүзеге асырып жатқан облыс бас­шыларына, газ қызметкерлеріне үлкен рах­­мет айта­мын. Ауылдағы кейбір мәсе­ле­­ле­рді шешудегі қолдау – көмектері үшін риза­шы­лығым­ды білдіремін, – дейді сексен­нің сеңгіріне шыққан Жұмасұлу Дәулетиярова. Мұнда газ реттеу блогы пункті салын­ған, 11 шақырым құбыр тартылған, құбыр әр үйдің тұсына келіп тұр. Бұл 500 тұрғыны бар 126 үйді және 9 коммуналдық-тұр­­мыс­тық нысанды көгілдір отын­­мен қамтамасыз етуге то­лық мүмкіндігі жетеді. Қазірдің өзінде 40-қа жуық тұрғын үй газға қосылған. Қалғандары да құжат­тарын түзеп, қаржы­ларын жинап үйлеріне газ кіргізудің қамын­да жүр. Бұл жұмыс жал­ғасуда. Жал­пы, Аққұдық ауылы­ның ажары кіріп, тұр­мы­сы жақ­сара түсетініне сенім мол. Ақ­құдық­тық­тар қалаға қоныс аударған ауылдастарының қайтып оралатындарынан да күдер үзбейді. Осындай үміттің оянуына осындағы тұр­мыстық игіліктердің жасалуы да алғышарт жасайды. Соның бастысы бүгін беріліп отырған газ екені сөзсіз. Енді ауылдың қыз келіншектері от жағып, күл шығарудан босады. Көгілдір отынның келуі шағын және орта бизнестің де дамуына ықпал етеді дейді білетіндер. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ел Тәуелсіз­дігінің 25 жылдығы құр­метіне аз қамтылған 4 отба­сыға үйлеріне тегін газ қосу үшін серти­фикаттар тапсырды. «ҚазТрансГаз» АҚ пен облыс әкімдігі ара­­сында жасалған мемо­рандум­ның ар­қасында биыл барлық аудан орталық­тарына газ жеткізілді, яғни, оларда тұратын 715 мың тұрғын көгілдір отынның қызығын көре алады деген сөз. Инвестициялық қаржы есебінен Қарғалы ауданының Қосестек, Әйтеке би ауданының Комсомол, Ойыл ауданы­ның Ойыл ауыл­дарына елді мекен шетіне дейін, Ырғыз ауданының Ырғыз және Алға ауданының Үшқұдық ауыл­дарына көшеішілік жал­пы сомасы 5,9 миллиард тең­ге тұратын 293 шақырым құ­быр тартылды.Үстіміздегі жылы Мәртөк ауданының Жай­­саң село­сына дейінгі 2014 жылы бас­талған кіре­беріс газ құбы­ры құрылысы бюджет есебі­нен аяқ­талды. Биыл Мәртөк ауданы­ның Казанка, Қарғалы ауданы­ның Жосалы, Кемпірсай, Шал­қар ауданының Шетырғыз ауыл­д­ары­на газ құбырын тарту басталды. Жалпы құны 14,3 миллиард теңге тұра­тын 12 жоба жүзеге асырылатын бола­ды, яғни, 316,8 шақырым газ құбыр тар­тыл­­­ды. Оған Әйтеке би ауданын­дағы Ком­со­мол, Ойыл ауданының Ойыл, Қарға­лы ауда­ны­ның Қосестек, Мұғалжар ауданы­ның Ал­­тын­­ды, Еңбек және Талдысай ауыл­дарын газ­дан­дыру, Ақтөбе мен Қандыағаш қала­ларын­да авто­матты газ бөлу стансалары құры­лысы кіреді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы