06 Желтоқсан, 2016

Жүзден жүйріктер анықталады

214 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Іскер» арнайы сыйлығы және «Ұлы Дала елі» бірыңғай брендін пайдалану құқығын тағайындауға арналған байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсіміне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Бұл шаралар туралы «Ата­ме­кен» ҰКП Жұмыспен қамту жө­ніндегі департамент директоры Жеңісбек Дулатов әңгімелеп берді. Сонымен қатар, жиынға «Алтын сапа» сый­лы­­ғының 2015 жылғы лауреаты, «Эл­­текс Алатау» ЖШС бас директо­ры Нұр­лан Жәнібеков пен «Қазақ­стан­ның үз­дік тауары» республи­ка­лық көр­ме-байқауының 2015 жыл­­ғы дип­­ломанты, «Рыбпром» ЖШС ди­рек­торы Бақытжан Мұсанов қатыс­ты. – Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің «Алтын сапа» сыйлығы байқауы «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халық тұты­натын тауарлар өндіретін үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсету сала­сын­дағы үздік кәсіпорын» аталым­дары бойынша өткізіледі. Әр аталымда шағын, орта және ірі кә­сіпкерлік субъектілері тұрғы­сында үш сыйлық беріледі, – деді Ж.Дулатов. Оның айтуынша, «Алтын сапа» байқауына қаты­суға 187 өтінім қабылданып, оның ішінде 138 компания алдын-ала бағалаудан сүрінбей өткен. Бұл байқауда 59 шағын, 47 орта және 32 ірі компания бақ сынады. Ал «Қазақстанның үздік тауары» рес­публикалық көрме-байқауы «Өн­дірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша өтеді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы биыл­ғы жылдың 16 шілдесі мен 31 тамы­зы аралығында «Қазақ­стан­ның үздік тауары» көрме-байқау­ларын өткі­зіп, оларға 674 шағын, орта және ірі кә­сіпорын қаты­сыпты. Нәти­же­сінде 145 компания республи­ка­лық са­йысқа жолдама алған. Міне, осы рес­публикалық сында жеңіске жет­­кен­дер төрт жыл бойы байқау белгі­­сін жарнамалық мақсатта қол­дана алады. «Атамекен» Ұлттық кәсіп­кер­лер палатасының «Іскер» сыйлы­ғы Қазақ­стан Республикасы Прези­дентінің «Ал­тын сапа» сыйлы­ғын алуға арнал­ған байқау мен «Қа­зақстанның үздік тауары» респуб­ликалық көр­ме-байқауы аясында аталған сый­лық­тарға үміткер бол­ған, алайда жүл­дегерлер қатарына ілікпеген конкурсқа қатысу­шы­ларды қосымша ынталандыру амалы ретінде бекітілген. 283 кәсіпорыннан алдыңғы қатарлы озық тәжірибесі ынталандыру мен қолдауға лайық 10 кәсіпорын «Іскер» байқауының жеңімпаздары атанды. Биылғы жылдың қараша айында «Атамекен» Ұлттық кәсіп­кер­лер палатасы «Ұлы Дала елі» жалпыұлттық брендін қолдану құқы­ғын табыстауға байланысты бай­қаудың өткізілетінін хабарлағаны белгілі. «Ұлы Дала елі» белгісі ел­і­міздің беткеұстар біртұтас брен­ді сипатында сапалы өнім мен қызметтерді бірікті­руге мүмк­індік береді. Бұл бір жағы­нан, жеңім­паздарға арналатын қосымша же­ңілдіктерді еске­рер болсақ, өнді­рушілерді жаңа бе­лестерді ба­ғындыруға ынталан­дырса, екінші жағынан, Қазақ­станның ха­лықаралық дәрежеде таны­мал­дығын арттырып, беделін нығайтады. Байқауға қатысушыларға экс­порт­қа бейімділік, жергілікті қамту үлесі, халықаралық марапат­тар­дың болуы, бренд атауы мен Қазақ­­станның шетелде бірдей қабыл­дануы сияқты талаптар қойылды. Шара барысында 23 тілек біл­діруші тараптың өтінімі қаралып, ірік­телген 12 үміткердің өндіріс ор­­нына аттанған комиссия сапар қорытындысында алтауын таңдап, олар Ұлттық палата сайтындағы он­лайн дауыс беруге ұсынылды. 2 жел­тоқсанда дауыс беру нәтижесі сарапталып, үш үздік кәсіпорын, жоғарыда келтірілген байқау жеңімпаздары сияқты 6 желтоқсанда марапатталатын болады. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»