06 Желтоқсан, 2016

Еуразиялық Одақ пен Иран еркін сауда аймағын құруы мүмкін

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы (ЕЭК) Тигран Саркисян Иран Ислам Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Меди Санаимен бірге Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында еркін сауда аймағын құруға қатысты мәселені талқылады, деп хабарлайды ЕАЭО. Тигран Саркисянның айтуынша, екі ел арасында еркін сауда аймағын құру - еуразиялық интеграциялық бірлестік пен Иран арасындағы әріптестіктің маңызды бөлігі. ЕЭК алқасы төрағасы ЕАЭО елдері Иранмен экономикалық ынтымақтастық құруға мүдделі екенін мәлімдеді. Одаққа мүше мемлекеттердің басшылары да Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы қырам-қатынастарды тереңдетуді қолдайды. «Екіжақты қарым-қатынастың қос тараптың да экономикасын алға сүйрей алатын әлеуеті бар», - деді ЕЭК алқа төрағасы. Өз кезегінде Мехди Санай Иранның Одаққа мүше елдермен еркін сауда аймағын құруға ерекше ықыласты екендігін және бұл процестің мүмкіндігінше жедел жүруін қалайтындығын айтты. «Иран ЕАЭО ұйымына мүше елдердің барлығымен жақсы қарым-қатынаста. Сондықтан бізде тиімді ынтымақтастықты қалыптастыру үшін барлық шарттар бар»,-деді Иран Ислам Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі. Кездесу соңында тараптар Мехди Санаидың Иранда ғалымдар мен іскер топ өкілдерінің қатысуымен ЕЭК жұмысын насихаттау, ЕАЭО жұмысы мен оған мүше елдермен арадағы экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын болашағына қатысты конференция өткізу бастамасын қолдады.