06 Желтоқсан, 2016

Неманья Максимович "Уэст Хэмге" ауысуы мүмкін

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
"Астана" футбол командасының жартылай қорғаушысы және Сербия құрамасының ойыншысы Неманья Максимовичті премьер-лигада 17-орында тұрған Англия клубы бақылап жүр, деп хабарлайды Vesti.kz The Sunday People басылымына сілтеме жасап. Газеттің хабарауынша, лондондық клуб "Астанаға" футболшының трансфері үшін 1 млн 904 мың еуро төлеуге дайын. Максимовичтің "Астанамен" келісімшарты 2017 жылы маусым айында бітеді. ФИФА ережесі бойынша, ол қаңтар айында кез келген клубпен алдын ала келісім жасай алады. 21 жастағы Максимович "Астана" сапында 2015 жылдың ақпанынан бері ойнап жүр. Естеріңізге сала кетсек, Максимовичтің шетелдік клубтарға ауысуы туралы ақпарат жиі айтылып жүр. Бұдан бұрын БАҚ оған ағылшын командасы  "Манчестер Юнайтед", лиссабондық "Спортинг", Италья командасы "Милан", "Рома", "Торино", "Интер" мен "Дженоа", мәскеулік "Спартак", швейцариялық "Базель", неміс "Нюрнберг", "Айнтрахт" и "Гамбург",  француздардың "Олимпик Марсель", "Лион", "Нант" и "Монако" командалары қызығушылық танытқанын жазған еді.