Қазақстан мен Ресей бірлесіп түсірген «28 панфиловшы» фильмі прокатта көш бастап тұр, деп хабарлады «Қазақфильм» баспасөз қызметі.
Ел аумағында алғашқы аптадағы есеп бойынша 30 миллионнан астам қаржы жиналды. Қысқа мерзімнің ішінде мол қаржы жинауына қарағанда көрермендер арасында танымал болып отыр. Көрермендер қызығушылының артуына байланысты фильмнің екінші аптадағы прокаты табысты болады деп күтілуде.
Айта кетейік, «28 панфиловшы» көркем фильмін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі қатысуымен «28 панфиловшы» тәуелсіз студиясы (Санкт-Петербург, Ресей) түсірген.
Генерал Панфиловтың 316-шы атқыштар дивизиясының 28 жауынгері туралы түсірілген фильмнің негізгі сомасын краудфандинг арқылы жинаған.
Ресейлік «Кинозалдардағы көрсетілімдер туралы мағлұматты беретін Федералды бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйенің» ақпараты бойынша 30 қарашаға «28 панфиловшы» фильмінің Ресейдегі көрсеткіші 209,8 млн. рубльді құрап, 878 944 көрермен көрген.
• 06 Желтоқсан, 2016
«28 панфиловшы» фильмі прокатта көш бастап тұр

Балуандар Медведьтің мемориалынан 14 медальмен оралды
Күрес • Бүгін, 00:34
Қамыстыдағы спорт кешеніне балуанның есімі берілсе...
Спорт • Бүгін, 00:20
Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай халықаралық симпозиум өтті
Қоғам • Бүгін, 00:15
Project Silica: Ақпаратты 10 мың жыл сақтайтын шыны
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Астанада бір қабатты автосервистің ғимаратынан өрт шықты
Елорда • Кеше
Атырау қаласын шаңды дауыл басып тұр
Аймақтар • Кеше