06 Желтоқсан, 2016

Қостанайда зейнет жасына дейін құжатсыз өмір сүрген тұрғын анықталды

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қостанай облысында сот өкілдері зейнеттік жақса дейін бірде-бір құжатсыз өмір сүрген әйелді анықтады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қостанай облысының Алтынсарин ауданының тұрғыны Әмина Кәукенова өзінің тууына байланысты анықталған заңдық факті бойынша сотқа қайырылды. Құжаттар тұрғынға зейнеттік жасқа келгендігін тіркеп, көпбалалы ана ретінде жәрдемақы алу және ҚР азаматы ретінде барлық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында куәлік алу үшін керек болған. Ә.Кәукенова 1952 жылы 22 мамырда Қостанай облысы, Жангелді ауданында туған. Бұл туралы ол өзінің ата-аналары мен туған туыстары арқылы білетін болып шықты. Ол ауданға 1970 жылдары келген. Ә.Кәукенованы ата-анасы Алтынсарин ауданының Свердлов ауылының тұрғынына ұлттық дәстүр бойынша тұрмысқа шығарған және ол осы уақытқа дейін аталған мекенжайда тұрып келген. Ол 6 балның анасы. Олардың екеуі мүгедек. Ал әйелдің өзі болса сауатсыз, білімі жоқ, ешқашан еш жерде жұмыс істемеген. Ауруханаға да ешқашан бармаған, туған күнін соттан тыс анықтау осы уақытқа дейін мүмкін болмапты. Құжатының жоқ болғандығына байланысты оны еш жерде ешкім қабылдамаған. Көршілері мен таныстары сотта оның жасын растады. Бұған қоса, әйелдің тегі мен туған күні Алтынсарин ауданының Қара Мырза ауылына қарасты Свердлов ауылдық кеңесінің мұрағат қорында көрсетілгендігі белгілі болды. Алтынсарин аудандық сотының шешіміне сәйкес, Ә.Кәукенованың өзінің туған жылын тіркеу туралы сотқа жолдаған заңдық өтініші қанағаттандырылды. Сот шешімі күшіне енді.