Қазақстандық боксшы Фируза Шәріповаға бірден екі фильмге түсу туралы ұсыныс жасалды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
«Біз 30 қарашада «Еуразия Барысы» турнирінің алдында командамызбен салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, спортшыларымызға қолдау көрсету үшін Алматыға келген болатынбыз. Содан бізге менің мансап жолым жайлы деректі фильм түсіруге ұсыныс жасалды. Сондай-ақ, анасының өліміне кек алу үшін спортпен айналысқан қыздың рөлін ойнау үшін, яғни көркем фильмде басты рөлді ойнауға ұсыныс айтылды», – деді боксшы қыз.
Спортшы қыз өзін әртіс рөлінде көргісі келетінін мойындады.
«Мен өзімді әртіс ретінде көргім келетіндіктен бұған келісімімді бердім. Қазір фильм жайлы сөйлесіп жатырмыз. Осы аптада барлығы нақты белгілі болады», – деді Фируза Шәріпова.
Айта кетейік, Фируза Шәріпова кәсіпқой рингте үш кездесу өткізген. Соңғы жекпе-жегі 24 қыркүйекте Алматыда өткен болатын. Онда ол сербиялық Милена Матовичті техникалық нокаутпен жеңді. Сондай-ақ, Шәріпованың менеджері Сергей Завилейский Фирузаның мақсаты әлем чемпионы атану екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын.

Балуандар Медведьтің мемориалынан 14 медальмен оралды
Күрес • Бүгін, 00:34
Қамыстыдағы спорт кешеніне балуанның есімі берілсе...
Спорт • Бүгін, 00:20
Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай халықаралық симпозиум өтті
Қоғам • Бүгін, 00:15
Project Silica: Ақпаратты 10 мың жыл сақтайтын шыны
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Астанада бір қабатты автосервистің ғимаратынан өрт шықты
Елорда • Кеше
Атырау қаласын шаңды дауыл басып тұр
Аймақтар • Кеше