06 Желтоқсан, 2016

Үлкен Алматы айналма жол құрылысы басталады

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2017 жылы Үлкен Алматы айналма автокөлік жолының құрылысы басталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті. Қазіргі кезде «Алсим Аларко-Макйол-С-КорреянЭкспрессВэй» Консорциумымен келісімшарттық келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жобаның шамаланған құны 350,7 млрд. теңгеден асады. Есептеулер бойынша, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы 2021 жылға дейін салынып бітеді. «Алматы-Қорғас» (Батыс Еуропа – Батыс Қытай) автожолының учаскесінде автомобиль өткізу бекетінің инфрақұрылымын құру жобасына «Eurotransit Terminal» ЖШС жеке серіктесі бастама білдірген. Оның шамаланған құны 75 млрд. теңге. Сарапшылардың оң қорытындысын алған жағдайда оның құрылысын келесі жылы аяқтау көзделіп отыр. Айналма автожол құрылысының тағы екі жобасын 2019-2023 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асыру көзделіп отыр, деп атап өтті спикер. Арнұр АСҚАР, "Егемен Қазақстан".