06 Желтоқсан, 2016

Қарашада 114 млрд теңге жария етілді

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «Мүлікті жария ету бойынша өткізіліп жатқан акцияның барысы туралы» мәселелерге қатысты баяндама жасады. Министрдің айтуынша, бүгінгі күнге 4 трлн. теңге, оның ішінде 1,1 трлн. теңге сомада мүлік, 2,9 трлн. теңгеге ақша жария етілді. Бұл ретте, жария етілген 399,2 млрд. теңге (14%) қаражат шетелдегі банк шоттарынан аударылды. «Мүлікті жария ету акциясының аяқталуына бір ай қалғаны белгілі. Біз күткеніміздей, акцияның соңғы айларында қарқынның жоғарылауы байқалуда»,- деді Б.Сұлтанов. Оның айтуынша, елдің аумағында орналасқан мүлік бойынша, жария етудің орташа айлық құны ағымдағы жылғы 9 ай ішінде 45 млрд. теңгені құраса, қазан айында жария ету сомасы 56 млрд. теңгені құрады, ал қараша айында бұл сома 114 млрд. теңгеге жетті, яғни, жылдың басынан 2,5 есеге өсті, ал егер 2014-2015 жылдардағы көрсеткіштермен салыстыратын болсақ, 4,3 есеге артқандығы байқалады. Арнұр АСҚАР, "Егемен Қазақстан".