06 Желтоқсан, 2016

Полиция басшысы халыққа есеп береді

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы халықпен есеп беру кездесуін өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 2016 жылдың 7 желтоқсанында сағат 10.00-12.00 аралығында «Астана» концерт залында (бұрынғы Конгресс-холл) ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев халық алдында қорытынды есеп беру кездесуін өткізеді. Шара барысында Бақытжан Әсембекұлы Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі құрылған күннен бастап жүргізілген жұмысты қорытындылап, алға қойылған міндеттерге тоқталады.