06 Желтоқсан, 2016

Қазақстанда 2 жылда 1630 мектепке дейінгі мекеме ашылмақ

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанда 2017-2019 жылдарда 154,5 мың орынға 1 630 мектепке дейінгі мекемені ашу жоспарлануда, оның ішінде 154,5 мың орынға шақталған 970 жекеменшік ұйым ашылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысы кезінде ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев баяндады, деп хабарлады primeminister.kz.
Қазіргі кезде елімізде 9 407 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, олардың ішінде жекеменшіктің үлесіне 2 413 немесе төрттен бір бөлігі тиесілі. 2016 жылы мектепке дейінгі ұйымдар желісі 811 бірлікке арттырылды, оның ішінде МЖӘ тетіктерін қолдану есебінен 1,3 мың орынға шақталған 7 балабақша ашылды. Жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер саны 10 есеге артып, 100 млрд теңгеден астам жеке инвестициялар мектепке дейінгі тәрбие мен білім жүйесін дамытуға жұмсалды. Қазіргі кезде концессиялық жобаларды басқару үшін 14 МЖӘ аймақтық орталықтары құрылды. ҚР БҒМ ақпаратына сәйкес, мемлекеттік тапсырысты балалардың нақты болуымен байланыстырмау бойынша мектепке дейінгі мекемелерге мемлекеттік тапсырыс беру Ережелеріне өзгерістер енгізілді. Бұл аталған мекемелерге ғимаратты ұстау, қызметкерлер еңбекақысы бойынша шығындарды төлеуге мүмкіндік береді. Заңнамалық негізде жеңілдіктер ұсыну мәселесі реттелді. Атап айтқанда, корпоративтік салық алынбайды, жер салығының мөлшерлемесі 10 есеге төмендетілді, мүлікке салынатын салық салықтық базаға 0,1% мөлшерлемесінде есептеледі. Жекеменшік балабақшалардың тәрбиешілерін мемлекеттік бюджет есебінен оқыту мәселесі пысықталуда.