06 Желтоқсан, 2016

Сырдария өзені арнасынан асты

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Күннің күрт жылынуы салдарынан Сырдария өзені арнасынан асты, деп хабарлайды 24.kz. Кеше кешкілік Жалағаш ауданында тасыған су дария бойындағы бөгетті бұзып кетті. Енді өзен етегіндегі Ақсу елді мекені қауіпті аймақта қалып отыр. Төтенше жағдайлар департаменті шұғыл көмекке ұмтылды. Зардап шеккендер жоқ. Көп ұзамай бөгеттің жырылған тұсы қалпына келтірілді. Дегенмен, бірер минут бұрын Жалағаштың Далдабай ауылының тұсынан тағы да 800 метр бөгеттің бұзылып, су жайылғаны анықталды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жүзге жуық төтеншеліктер жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша, өзендегі су деңгейі әлі де жоғары. Шардара су қоймасынан Сырдарияға 600 текше метр су түсіп жатыр. Қазір дария бойындағы 33 қауіпті аймақ анықталып, барлығы да бақылауға алынды.