06 Желтоқсан, 2016

Алматыда шойын өндіретін зауыт іске қосылды

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада Индустрияландыру күні аясында өтіп жатқан жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысында шойын өндіретін зауытты іске қосуға рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. "Текелі кенді қайта өңдеу кешені" ЖШС директоры Бақыт Шалбаевтың айтуынша, жаңа зауыт инновациялық тәсілмен 400 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Өндірісте қазақстандық шикізат қолданылады. Бүгінде зауытта жабдықтарды іске қосу жұмыстары толықтай аяқталды. Өз кезегінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жақында аталған өндірісте құрылыс жұмыстары жүріп жатқанда кеңінен танысқанын еске салды. «Сол кезде Текеліде шағын домна пешінің салынғанына таңданған едім. Бұл қызықты жоба қолданбалы шойынды шығарады. Бұл - өте жақсы әрі қажетті өндіріс, адамдарға жұмыс орындары ашылады. Сондықтан табысты болыңыздар!» - деді Президент.