06 Желтоқсан, 2016

Балалық шақтан көзқарас

547 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
bal_1744 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған XII Республикалық балалар шығармашылығы байқауының «Графика. Линогравюра» аталымы бойынша «Туған жерім» атты көрмесінің ашылуы өтті. bal_1782 Балалар шығармашылығына арналған «Туған жерім» республикалық байқауы жыл сайын Тұңғыш Президент Музейінің «Балалық шақтан көзқарас» атты балалар жобасының аясында, Астана қаласының ЮНЕСКО клубы – Балалар көркемөнер мектебімен бірлесіп өткізіледі. bal_1783 Алғаш рет 2004 жылыөткізіліп, қазіргі уақытта жоба кеңейтілуін жалғастыруда және одан әрі маңызды бола бастады. Байқауға 10-16 жас аралығындағы көркемсурет мектептерінде және өнер мектебінің көркемсурет бөлімінде оқитын,  Оқушылар сарайының шығармашылық үйірмелерінде және бейнелеу өнері студияларында тәлім алатын балалар қатысып, жыл сайын конкурс шарттары бойынша орындалу техникасы ұйымдастыру комитетімен дербес келісіледі. bal_1784 Қатысушылар қазылар алқасының назарына  кескіндеме техникасы, мүсін және әртүрлі машықта орындалған сәндік-қолданбалы өнер туындыларын ұсынды. Ағымдағы жылы, сайыстың шартына сәйкес, «Графика және линогравюра» мәнерінде орындалған балалардың көркем  шығармашылығы бағаланды. Графикалық жұмыстар әдетте өзінің ықшамдылығымен  және айрықша сұлулығымен ерекшеленеді. granpri Графикалық жұмыстар орындалуы жағынан алуан түрлі, себебі – туындылар көмірмен, тушьпен, сангинамен және т.б. жасалған.  Суретшілерге көптеген  бейнелеу мүмкіндіктерін беретін, линолеумге ойып бедерленген бейне-линогравюра ерекше қызығушылық танытады. Дәстүр бойынша, сайыс жеңімпаздарына арналған әр аймақтардан келгендерге шеберлік-сыныптар ұйымдастырылады. Бұл ХІІ сайысқа Қазақстанның барлық аймақтарынан 250-ден аса жұмыстар келіп түсті. bal_1772 Балалар шығармашылығына арналған «Туған жерім» республикалық байқау  қорытындысы бойынша, қазылар алқасының шешімімен бас жүлделерді – Диана Ибрагимова (Алматы қаласы), Иннеса Фатыхова (Рудный қаласы), Медина Әмірғазина (Өскемен қаласы) иеленсе, сондай-ақ басқа да жас шеберлер арнайы дипломдармен марапатталды. avtor Берік САДЫР, "Егемен Қазақстан". Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ