06 Желтоқсан, 2016

Астана-Теміртау жолы іске қосылды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Отандық кәсіпкерлердің төл мерекесі - Индустрияландыру күніне орай ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Жалпыұлттық телекөпір барысында Астана-Теміртау жолының 169 шақырымы толықтай аяқталып, көлік қозғалысына рұқсат етілді. «Астана-Теміртау жолы бірінші техникалық санат нормативтерімен салынды. Оның өткізу қабілеті тәулігіне 6-дан 28 мың көлікке дейін ұлғайтылды. Құрметті Елбасы! Астана - Теміртау және Алматы - Қапшағай тас жолдары іске косылуға дайын. Қозғалысты бастауға рұқсат сұраймыз!» - деді Е. Қизатов. «Алдымыздағы 5 жылдың ішінде дәл осындай 7 мың шақырым жол салсақ, сонымен қатар темір жолдар желісін кеңейтсек, бұл елімізге өте пайдалы әрі экономиканы ары қарай өркендетеді. Осының барлығы - мемлекеттің атқарып жатқан шаруасы. Сондықтан сіздер - еліміз үшін негізгі істі жасап жатқан адамдарсыздар. Осы бағытта бөлінген қаражатты мұқият пайдаланып, елімізде ең жақсы жолдарды салуға қызмет етіңіздер», - деді Президент телекөпірге қатысушыларға. Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміздің «Нұрлы жол» бағдарламасы қазіргі дағдарысқа қарсы үлкен жоба болып саналатынын еске салып өтті.