06 Желтоқсан, 2016

Астана хабы АҚШ-пен ынтымақтастықты арттыруда

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб атқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов пен АҚШ-тың Федералды Атқарушы Институты (FEI)  директоры Сюзан Логан адам ресурстарын басқару саласында ақпарат алмасып, ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойды. Меморандум ауқымында оқыту, адам ресурстарын басқару мен мемлекеттік қызметте көшбасшылықты дамытуға қатысты сараптамалық материалдар, зерттеу нәтижелері және басқа да жарияланымдармен алмасу көзделген. Тараптар, сондай-ақ, мемлекеттік басқару саласында бірлескен зерттеулер жасап, өзара білім мен тәжірибе алмасу үшін мемлекеттік қызметкерлердің оқыту бағдарламалары, семинарлар, курстар мен тренингтерге қатысуын қарастырған. FEI – жетекші лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлерді оқыту мен олардың біліктілігін арттыру жолымен мемлекеттік мекемелердің қызмет жақсартуды көздейтін мемлекеттік басқару саласындағы АҚШ-тың федералды оқыту орталығы.