06 Желтоқсан, 2016

Астанада Тәуелсіздікке арналған фотокөрме ашылды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
foto-korme-25-zhyldyk-7 Бүгін Астанада «Тәуелсіздік тағылымы 25» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтті. Шараға еліміздің үздік фотожурналистері ұсынған, сондай-ақ «Менің Елім – Қазақстан» фотобайқауына қатысқан 100-ге тарта жұмыс қойылды. Көрме екі бөлімнен тұрады. Алғашқысы 9-20 қараша арасында «Тәуелсіздіктің бесігі» деген атаумен Алматы қаласында өтсе, келесісі 6 желтоқсаннан жыл соңына дейін Астанада жалғасады. foto-korme-25-zhyldyk-3 «Еліміз Егемендігін алғалы 25 жыл ішінде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. Олардың еліміздің болашағы мен дамуына елеулі үлес болып қосылары анық. Бүгінге дейінгі уақыт аралығында жас мемлекетіміздің болашаққа жасаған әрбір қадамы фотожурналистердің назарынан тыс қалған жоқ және солар арқылы жұртшылыққа жарияланып,  тарих беттерінен орын алып, өскелең ұрпақ үшін сақталып келеді», – деді «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің басшысы Асылхан Әбдірайым. foto-korme-25-zhyldyk-9 «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі бұл іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізді. Ұйымдастырушылар келер ұрпаққа өткен күннен қалған құнды деректерді қызықты етіп жеткізуді мақсат етті. Аян ӘБДУӘЛИ Суреттерді түсірген: Орынбай БАЛМҰРАТ