07 Желтоқсан, 2016

7 желтоқсанға арналған ауа райы

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, көбінесе қар жауып, күндіз оңтүстікте қатты жауын-шашын болады, еліміздің оңтүстік-батысында ғана күн ашық. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлады Қазгидромет. Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, жел  15-20  м/с  күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Павлодар, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының  кей жерлерінде көктайғақ, жел 15-20  м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының  кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдін екпіні 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын соғады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейіп, бұрқасын соғады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман, бұрқасын болады.