07 Желтоқсан, 2016

Қысқы Универсиада қандай спорт түрлерінен өтеді?

700 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2017 жылғы қысқы Универсиада жарыстары спорттың 12 түрі бойынша өтеді.

Олардың арасында мыналар бар: – Биатлон; – Тау шаңғысы; – Кёрлинг; – Конькимен жарысу; – Шаңғы  қоссайысы; – Шаңғы жарысы; – Шаңғымен трамплиннен    секіру; – Сноуборд; – Мәнерлеп  сырғанау; – Фристайл; – Шайбалы хоккей; – Шорт-трек.

Сайыстар қайда өтеді?

Универсиада бағдарламасына енген жарыстар 8 спорт нысанында өтеді: – «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты; – «Медеу» мұз айдыны; – «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплині кешені; –  Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы; – «Алатау» шаңғы және биатлон кешені; – «Табаған» спорттық ойын-сауық кешені; – «Алматы-Арена» спорт сарайы; – «Халық-Арена» спорт сарайы. Универсиада жарыстары ойналатын 8 нысанның екеуі – «Алматы-арена» мен «Халық-арена» Универсиада ойындары үшін арнайы салынды. Бұған қоса, қысқы Универсиада тарихында алғаш рет Атлеттер қалашығы қатарға қосылды. Барлық жаңа нысандардың құрылыстары алдын ала белгіленген мерзімінен екі ай бұрын аяқталып, пайдалануға берілді.

Дерек пен дәйек

* Қысқы Универсиадаға 64 елден 2 000 спортшы келеді деп күтіліп отыр. * Студенттер ойындарына қызмет көрсету үшін еліміздің барлық аймақтары мен шет елдерден 3 000 ерікті көмекке келеді. * Ойындардағы сайыстарды тамашалауға шет елдерден 30 мың қонақ келетін болып отыр. * Универсиада жарыстары әлемнің 80 еліне көрсетіледі. Оларды бұл елдерде 1 миллиардтан астам адам қызықтайды. * Универсиаданың бюджеті 17 млрд теңгені құрайды. * Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағанбетов басқарады. * Универсиаданы Қазақстанда өткізудің бастамашылығын Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) мүшесі ретінде Қазақстан студенттік спорт федерациясы атқарды. Қазақстан ұлттық федерациясын профессор Қайрат Закирьянов басқарады. * Алматы қаласында Универсиаданы өткізу жөніндегі дирекция құрылды. Оның басшысы болып Наиль Нуров тағайындалды.