07 Желтоқсан, 2016

Трамп қымбат қызметтік ұшақтан бас тартты

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Boeing компаниясының Ақ үйдің жаңа басшысына арнайы жасап жатқан 4 миллиард доллар тұратын президенттік Air Force One ұшағын тым қымбат деп, оны сатып алудан бас тартты, деп хабарлайды investing басылымы. "Boeing компаниясы болашақ президенттерге арнап жаңа 747 Air Force One ұшағын құрастырып жатыр. Бағасы өте қымбат, 4 млрд доллардан асады. Тапсырыстың күші жойылсын!" - деп жазды миллиардер өз туиттерінде. Нью-Йоркте журналистердің алдына шыққан Трамп мұндай қымбат ұшақ міну ақылға қонымсыз екенін айтты. "Біз, әрине, Boeing компаниясының байығанын қалаймыз. Бірақ осыншалықты емес", - деді кәсіпкер. Өз кезегінде Boeing компаниясы Ақ үй басшысының бұл қадамына ешқандай да жауап қатпады әзірге. Айта кетейік, Air Force ұшағы бүгінге дейінгі АҚШ президенттерінің мінген ең қымбат ұшақтарының бірі.