07 Желтоқсан, 2016

Астана қазынасына 1 трлн теңге жиналды

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының қазынасына алғаш рет 1 триллионнан астам теңге жиналды, деп хабарлайды Елордалық мемлекеттік кірістер Департаментінің баспасөз қызметі.

«Мемлекеттік кірістер департаментінің үш құрылымдық қызметтің (кеден, салық және экономикалық тергеу) үйлесімді жұмыстарының арқасында мүмкін болды» – деді МКД басшысының м.а. А.Иманғожин.

Әкімшілендіру, салық және кеден бағыттары бойынша жұмыс жүргізу жақсарып, көлеңкелі экономикаға қарсы іс қимыл мақсатты жүйелі жүргізілуде. «ЭКСПО-2017» қарсаңында көлеңкелі айналымды қысқартуда Департаментпен бақылау мен алдын алу іс-шаралары ауқымды деңгейде қолға алынды.

Елорданың барлық аудан орталықтарында салықтық қызмет көрсету жаңғыртылуда, Қазақстанда алғаш рет ашылған көлік-логистикалық орталығы, халыққа және бизнес өкілдеріне мемлекеттік қызмет көрсетуде кедендік ресімдеу сапасын айтарлықтай жақсартуға және мерзімін қысқартуға мүмкіндік берді.

Мемлекетіміздің тәуелсіздігіне 25-жылдығы қарсаңына орай аталған нәтижеге Департамент ұжымының қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізілді.