07 Желтоқсан, 2016

Қырғызстан қысқы туризмді дамытпақшы

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қырғызстан қысқы туризмді дамытуға көңіл аудара бастады, деп хабарлайды haberler басылымы. "Анадолу" агенттігінің хабарлауынша, Қырғызстан мәдениет және туризм министрінің орынбасары Азамат Жанамқұлов ел бойынша 23 шаңғы курорты бар екенін мәлімдей келіп, оған келушілердің арасында Германия, Аустрия мен Франция азаматтарының да бар екенін айтты. Министр орынбасарының айтуынша, Қырғызстанның туристік жерлері мен көрсетілетін қызмет ақысы арзан болғандықтан, еуропалықтар алдағы уақытта көптеп келмек. «Біздің табиғатымыз қысқы туризм үшін өте жайлы. Өз кезегінде үкімет те осы салаға қолдауды күшейтпек. Алдағы уақытта қыс мезгілінде 300 мыңдай турист келеді деп үміттенеміз», - деді министр орынбасары.