07 Желтоқсан, 2016

Ұлыбританияда ағаштан стадион салынады

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
bh Ұлыбританияның Forest Green футбол клубының иесі ағаштан стадион салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды CNN. Осы ретте ағылшын футбол клубының бұл бастамасы толығымен ағаштан жасалған әлемдегі алғашқы стадион болмақ. Клуб өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында стадионның жобасын да жариялады. eki Стадион Eco Park орталығында орналастырылады. Сонымен қатар ішінде спорт залдары болуы мүмкін. Бұл жоба әзірге 100 млн еуроға бағаланып отыр. Стадион дизайны конкурс негізінде анықталған. ush Ecotricity Бас директоры Винстің айтуынша, жасыл энергетика аясында мұнда жел энергиясы пайдаланылуы мүмкін. Естеріңізге сала кетсек, Винс 2010 жылы Форест Грин Роверс акцияларын сатып алып, 2011 жылы клуб үшін 170 күн панелдерін, 2012 жылы стадиондағы технологияларға күн батареяларын салған еді. Дәл сол жылы команда бұрынғы формасының түсін жасыл киімге алмастырған болатын.