07 Желтоқсан, 2016

Қазақстандық боксшы 9 желтоқсанда жекпе-жегін өткізеді

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ali-akhmedov Бокстан жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Әли Ахмедов 9 желтоқсан күні Польшада кәсіби рингтегі 5-ші жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Алғашында Әлидің қарсыласы латвиялық Эдуард Герасимовс (6-10-1, 6КО) болатыны, кейінірек Михал Герлецкимен (13-1-0) жекпе-жекке шығатыны хабарланған. Алайда, BoxRec сайтының мәліметі бойынша ол беларусьтік Владимир Харкевичпен жұдырықтасуы тиіс. Кездесу 6 раундтан тұрады. Айта кетейік, Әли Ахмедов бұған дейін өткізген төрт кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған. Сонымен қатар, қазақстандық боксшыға Сауль «Канело» Альварестің және Мэнни Пакьяоның промоутерлері қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын.
Соңғы жаңалықтар

Ғарыштағы қызанақ

Қоғам • Кеше