07 Желтоқсан, 2016

Жеңіл атлетика федерациясының басшысы сайланды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
zhaksibekov Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков еліміздің жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлады ҚазАқпарат. Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының есеп беру-сайлау конференциясы барысында белгілі болды. Конференция жұмысына Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, федерация президиумының мүшелері, аймақтық филиалдар жетекшілері, құрама жаттықтырушылары, Ұлттық Олимпиялық комитет өкілдері қатысты. Айта кетейік, Әділбек Рыскелдіұлы 2007 жылдың тамызынан 2014 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан футбол федерациясын басқарды. Ол сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық Олимпиялық комитетінің жазғы спорт түрлері бойынша вице-президенті.